Жердегі және әуе нысандарын жою: «Мәтібұлақ» полигонында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды

Екі апта ішінде әскери қызметшілер шартты қарсыластың жердегі және әуе нысандарын жою дағдыларын жетілдірді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері «Мәтібұлақ» полигонында оқу-жаттығу жиындарын өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Далалық жиындардың негізгі мақсаты қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың сипатын ескере отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру саласындағы білімді бекіту, тәжірибе жинақтау және жетілдіру болып отыр.

Екі апта ішінде әскери қызметшілер шартты қарсыластың жердегі және әуе нысандарын жою дағдыларын жетілдірді. Зениттік бөлімшелердің командирлері жауынгерлік есептоптар мен экипаждарды басқаруда қосымша тәжірибе жинай алды.

«Жиын барысында әскери қызметшілер атыс курсының негізгі ережелерін жақсы меңгергенін көрсетіп, тактикалық және арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындады. Гвардейск гарнизоны әскери қызметшілерінің іс-қимыл үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді», – деп түсіндірді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бастығы полковник Арслан Уәлиев.

Далалық жиындарға Гвардейск, Шымкент, Сарыөзек, Тараз гарнизондарынан 300-ден астам әскери қызметші мен 80-ге жуық жауынгерлік және арнайы техника қатысты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13