Биыл елімізде 19 мыңнан астам адам әскерге аттанады

Оларға шақырту қағазы қалай жіберілетіні де айтылды

Биыл 28 желтоқсанға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 19 мыңнан астам ер азамат толықтырады. Олардың ішінде 1 000 адамнан астамы Астана қаласынан шақырылады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Әскерге шақырылатын – 19 129 адам, оның ішінде: Қарулы Күштерге ​– 8 625 адам; Ұлттық ұланға ​– 6 822 адам; ҰҚК Шекара қызметіне ​– 3 075 адам; Төтенше жағдайлар министрлігіне ​– 317 адам; Мемлекеттік күзет қызметіне ​– 290 адам. Биыл алдыңғы жылғы әскерге шақырумен салыстырғанда Қарулы Күштерге және Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылатын жас буынның саны ұлғайтылды. Мәселен 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда жоспарлы тәртіпте жас буынның саны 2 024 адамға ұлғайтылды, соның ішінде: Қарулы Күштер үшін 1 810 адамға; Мемлекеттік күзет қызметі үшін 214 адамға», - дейді Ғани Артықов.

Айтуынша әскерге шақырылуға тиісті ер-азаматтарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін болады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13