Қазақстан мен Әзербайжанның әскери-теңіз күштері Бакуде бірлескен жаттығу өткізеді

«Хазри-2023» жаттығуының жоспары әзірленді

Боюк Зире аралында Қазақстан мен Әзербайжанның «Хазри-2023» әскери-теңіз жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әзербайжанның астанасы Бакуге Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен «Сарыарқа», «Орал» зымыранды-артиллериялық корабльдерімен және «Жайық» гидрографиялық кемесімен Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері келді.

«Хазри-2023» бірлескен оқу-жаттығу жоспарына брифинг, Әскери-теңіз күштері қолбасшыларының екіжақты кездесуі, теңіз арнайы күштері мен теңіз жаяу әскерлерінің жаттығулары, корабльдерді ұрысқа үйлестіру, оқу-жаттығу шеңберінде жауынгерлік іс-қимылды жоспарлау және ұйымдастыру кіреді.

Қазақстан мен Әзербайжанның әскери теңізшілері қауіп төнген жағдайда террористік топтарды бейтараптандыру, әуе және құрлық нысандарын жою, азаматтық корабльдер мен оның экипажын азат ету, зардап шеккен кемеге көмек көрсету бойынша сценарийлер мен эпизодтарды пысықтайды.

Бұл шаралар бірлескен операцияларды жоспарлау және іске асыру дағдыларын жетілдіруге, бөлімшелердің тиімді және келісімді әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13