F-16 жойғыш ұшақтарын басқару: АҚШ Украинаның ұшқыштарын дайындықтан өткізеді

Украиналық ұшқыштарды Аризона штатындағы әуе базасында жаттықтыру жоспарланып отыр

Пентагонның хабарлауынша украиналық ұшқыштарды америкалық F-16 жойғыш ұшақтарын басқару үшін оқыту қазан айында басталатынын мәлім етті. Бұл туралы Sarbaz.kz Voice America басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбіде Пентагонның баспасөз хатшысы бригадалық генерал Пэт Райдер журналистерге арналған брифингте АҚШ қазан айында F-16 ұшақтарын басқару үшін украиналық ұшқыштарды дайындауды бастайтынын айтты.

Райдердің айтуынша, оқу украиналық ұшқыштар қыркүйек айында ағылшын тілін үйренгеннен кейін басталады. Украиналық ұшқыштарды Аризона штатындағы әуе базасында жаттықтыру жоспарланып отыр.

Бейсенбіде Украина президенті Владимир Зеленский Португалия Украинаның ұшқыштарын АҚШ-тың F-16 техникасына даярлау жөніндегі халықаралық коалицияның 13-ші қатысушы елі болады деп мәлімдеді.

Осыған дейін Киевке сапармен барған Норвегия премьер-министрі Джонас Гар Стере өздерінің F-16 жойғыш ұшақтарын Украинаға тапсыратынын мәлімдеді.

«Біз F-16 норвегиялық жойғыш ұшақтарын Украинаға сыйға тартуды жоспарлап отырмыз», – деді Норвегия премьер-министрі Джонас Гара Стере мәлімдемесінде.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13