Қазақстандық теннисші микстен US Open чемпионы атанды

Жарыстың осы түрі бойынша бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлде

Админ

Қазақстандық Анна Данилина микстен алғаш рет АҚШ чемпионы атанды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Анна Данилина аралас жұпта финалда финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Джессика Пегула – Остин Крайчекпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда брейк жасаған қазақстандық-финляндиялық жұп сол басымдықты сақтап қалды – 6:3. Олар екінші сетті де брейкпен бастағанымен, америкалықтар таразы басын теңестірді – 2:2.

Содан кейін Анна мен Харри тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 7 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Осылайша Анна Данилина қазақстандық теннисшілерден алғаш рет микстен «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13