Волейболдан ұлттық құрама Азия чемпионатын сәтті бастады

Жарыс Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында өтіп жатыр

Админ

Волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, D тобына түскен біздің құрама бүгін Филиппинмен ойнап, тай-брейкте жеңіске жетті (3-2). 

Енді қазақстандық волейболшы арулар Гонконг (31 тамыз) және Қытай (1 қыркүйек) командасымен күш сынасады. Ал жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады.

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Алдағы күндері үздік шыққан 3 құрамаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.

Қазір Қазақстан сары құрлық рейтингінде 5-орында тұр. Осы уақытқа дейін біздің елдің әйелдер құрамасы тек бір рет құрлық чемпионатының финалына шыққан. Қытайдың Тайцан қаласындағы сол ойында жарыс қожайындары басым түскен (0-3).

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13