Азия ойындарында сынға түсетін дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болды

Жарыс Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді

Админ

Азия ойындарында бақ сынайтын дзюдодан ерлер құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қазақпартқа сілтеме жасап.

Дзюдодан ерлер құрамасы сапында Мағжан Шамшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келі) шаршы алаңға шығады.

Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстандық спортшылар 1994 жылдан бері Азия ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Қазірге дейін барлығы 557 медаль еншіледі. Олардың 155-і алтын, 158-і күміс, 244-і қола. Медальдар кестесінде алтыншы орында тұр.

Ал дзюдошылар Азия ойындарында барлығы 36 медаль еншілеген. Оның ішінде 2-і алтын, 13-і күміс, 21-і қола.

Олардың арасынан 2014 жылы Елдос Сметов (60 келі) пен Дидар Хамза (90 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13