Қазақстанда жыл басынан бері 230-ға жуық адам өрттен қаза болды

Жыл басынан бері 7500-ден аса өрт болды

Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, биыл өртпен байланысты қайғылы оқиғалардың саны былтырғыдан артқан. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде жыл сайын 10 мыңнан астам өрт болады. Салдарынан үш жүзден астам адам мерт болып жатыр. Өрттің көбі, одан қайтыс болу фаткілері де тұрғын үй секторында тіркелген.

«1 қазаннан бастап республика бойынша жылыту кезеңі басталады. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, өрт 6,8%, ал адамдардың қаза болу көрсеткіші 6,5% көбейгені байқалады», - деді ол.

Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, өрт 6,8%, ал өрттен адамдардың қаза болу көрсеткіші 6,5% көбейген.

Министрліктің мәліметі бойынша, жылдың 8 айында өрттен және көмірқышқыл газымен улану салдарынан 6 бала қаза тапқан.

Марғұлан Аманбаев өрт фактілері күрт көбейген өңірлерді атады.

«Өңірлердегі статистикаға келсек, Абай (46%), Алматы (33%), Қостанай (26%), Жамбыл (20%) облыстарында өрттердің көбейгені байқалады. Сол сияқты Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Шымкент, Алматы қаласында қаза тапқандар саны артты. Қаза тапқан азаматтар туралы айтатын болсақ, 86 адам мас болған», - деді комитет өкілі.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13