«Ертіс орманын» заңсыз отауға байланысты лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

Атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының лауазымды тұлғалары орманды заңсыз кесуге қатысты болуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ертіс орманы» ерекше қорғалатын аумағында орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру шараларын өткізген.

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен «Ертіс орманы» резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді. Полицейлер «Ертіс орманы» РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту жүргізді.

«Тінту кезінде құжаттамадан басқа (шот-фактуралар, ілеспе құжат, есептілігі жүргізілмейтін орманды отауға қатысты және өзге де құжаттар), атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге «Ертіс орманы» РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін», - делінген мәліметте.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18