Ереванда жүздеген адам митингке шығып, Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Шеруге әртүрлі жоғары оқу орындарының, соның ішінде Ереван мемлекеттік университетінің студенттер легі де қосылды

Ереван қаласының орталығындағы үкімет ғимаратының алдына жиналған бірнеше жүз демонстрант Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, үкіметке қарсы ұрандар айтқан ереуілшілер үкімет ғимаратының айналасында тұр. Ғимаратты полиция қоршауға алған.

Шеруге әртүрлі жоғары оқу орындарының, соның ішінде Ереван мемлекеттік университетінің студенттер легі де қосылды.

Оппозиция жетекшілерінің бірі, Армения Парламентінің депутаты Ишхан Сагателян журналистерге көшелерді жауып тастаған азаматтық акциялары сағат 18:00-ге дейін жалғасатынын, содан кейін Республика алаңында оппозицияның кезекті митингі өтетінін айтты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18