Ресми мәлімдеме: Қазақстан Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық қолдауын растайды

19 қыркүйекте Әзербайжанның Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция басталғанын мәлім еткен

Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшісі Әлім Байел мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол өз сөзінде Қазақстан Әзербайжан тарапының Қарабақтағы армян халқының өкілдерімен кездесу өткізуге бағытталған бастамасын құптайтынын мәлім етті.

«Қазақстан бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығына толық қолдауын тағы да растайды. Қалыптасқан жағдай Әзербайжан Республикасының халықаралық деңгейде мойындалған шекаралары шеңберінде бейбіт диалог арқылы жуық арада реттеледі деп үміт білдіреміз. Оңтүстік Кавказда бейбітшілік және өзара тиімді ынтымақтастық атмосферасының орнауы, барлық коммуникациялардың ашылуы өңірдегі барлық елдердің мүддесіне сай келеді деген пікірдеміз», - делінген Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақта терроризмге қарсы операция басталғанын мәлім еткен болатын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13