Астаналық шабандоз Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ол «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсерді 

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Sarbaz.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күні кеше басталған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің нәтижесі бойынша құрама командалардан бөлек, жеке есепте сайысқа түскен шабандоздардың арасында үздіктер анықталды.

Астаналық шабандоз Сайын Нұрдәулет өзінің «Көкжал» атымен 1300 шақырымды еңсеріп, Гиннес рекордтар кітабына үшінші болып енді.

Командалық есеп бойынша астаналық құрама жарысты 5 жылқымен бастап, 12 кезеңде тек 2 жылқы ғана қалды.

Жарыс ережесіне бойынша, команда тек 3 атпен ғана жарысты жалғастыра алады.

Осыған сәйкес, қалған екі шабандоздың нәтижесі жекелей есепте қаралатын болады.

Айта кетейік, жарыстың марапаттау рәсімі бүгін сағат 18:00-де Түркістан қаласында өтеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13