Риддер ЖЭО-сында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр

Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындық үстінде

Админ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стансаны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінді. Биыл моноқаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,1 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ өндіріске тартылған инфрақұрылымды жөндеуге жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.

Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Биыл осы мақсатқа жұмсалған қаржы 8,6 млрд теңгеден асады, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 1 млрд теңгеге жуық қаржы түсті. 

Бүгінгі таңда стансаның дайындығы 80%-дан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13