Елімізде шай мен кофе қымбаттап барады – зерттеу

Өңірлер бойынша кофе бағасының ең жоғары жылдық өсімі Түркістан облысында көш бастап тұр

2023 жылғы қаңтар-мамыр айларында  өңделген шай мен кофе өндірісі 8,7 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 35,2%-ға көп. Бір жыл бұрын өндіріс, керісінше, 18,2%-ға төмендеген. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтем жасап хабарлайды. 

Биыл маусым айының қорытындысы бойынша кофе бір айда 1,2%-ға қымбаттаса, шай 0,2%  қымбаттаған. Бір жыл ішінде кофе 20%, шай 14%-ға қымбаттады.

Өңірлер бойынша кофе бағасының ең жоғары жылдық өсімі Түркістан облысында бірден 40,5%, одан кейін Ақмола және Маңғыстау облыстарында – тиісінше жылына 38,5% және 36,1%.

Шай бағасы айтарлықтай Қызылорда облысында (жылына 28,7%), сондай-ақ Шымкент (27,2%) және Абай облысында (21,4%) қымбаттады.

Бұл сергітетін сусындардың ішінде ең үлкен өсім еритін кофе бағасында байқалады: бір жылда – 20,1%.

Одан кейін кофе дәндері (ұнтақталған) бағасы 18,5%, жасыл шай 17,1%, ұзын жапырақты қара шай 13,7% қымбаттады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13