Дағыстандық журналист терроризмді қаржыландыру ісі бойынша 17 жылға сотталды

Абдулмумин Гаджиев қоғамдық-саяси апталық газетке өздері құрған қорларға ақша аударуға шақырған бірнеше мақала жариялаған

Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік аудандық әскери соты дағыстандық «Черновик» газетінің журналисі Абдулмумин Гаджиевті терроризмді қаржыландыру ісіне кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Сот Гаджиевті қатаң режимдегі колонияда 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар істің тағы екі қатысушысы Дағыстан тұрғындары Абубакар Ризванов 18 жылға, Кемал Тамбиев 17,5 жылға сотталды.

Тамбиев және Ризванов 2019 жылдың 14 маусымында террористік әрекетті қаржыландырды деген күдікпен ұсталған. 18 маусымда Махачкаладағы сот Гаджиевті тұтқындаған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Исраил Ахмеднабиев есімді азамат 2009 жылы террористік ұйымға қосылып, сол жылы Гаджиев, Ризванов, Тамбиев және басқа да белгісіз адамдармен бірігіп, мешіт салу, жетімдерге, ауыр науқастарға және Сириядағы босқындарға көмектесу үшін қайырымдылық қорларының жұмысы ретінде ақша жинауды ұйымдастырған.

Гаджиев қоғамдық-саяси апталық газеттің дін бөлімінің редакторы ретінде өздері құрған қорларға ақша аударуға шақырған бірнеше мақала жариялаған.

«Ахмеднабиев, Ризванов, Гаджиев, Тамбиев және басқа да күдіктілердің ұйымдастыруымен терроризмді қаржыландыру үшін олар құрған қайырымдылық қорлардың шоттарына кем дегенде 68 миллион рубль, 200 мың АҚШ доллары және 48 мың түрік лирасы түсті», - делінген ақпаратта.

Ахмеднабиевке халықаралық іздеу жарияланды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13