«Барар жеріміз жоқ»: Оралда жетім балалар наразылық білдірді

Олар баспанамыздан айырылып қаламыз деген қорқыныштарын жеткізді

Кеше Орал қаласында жасөспірімдер үйінде тұратын балалар үйінің түлектері жатақхананың шатырында наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Олар жөндеу жұмысына байланысты ғимараттан шықпайтындарын, себебі баспанасынан айырылып қаламыз деген қорқыныштарын жеткізді.

Жөндеу жұмысына байланысты оларға үш күнге «Самал» балалар лагеріне бару ұсынылды. Алайда, жасөспірімдер үйінің тұрғындары ұсынылған уақытша тұрғын үйде тіпті розеткалар жоқ екенін, сол сияқты мектептері мен колледждерінен алыс орналасқанын айтып шағымданды.

Айта кетейік, елімізде жасөспірімдер үйі – балалар үйінің түлектері үшін бірнеше жыл өмір сүре алатын орын. Мұнда 23 жасқа дейін өмір сүруге болады.

Жасөспірімдердің наразылығынан кейін Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов арнайы келіп, оларды ешкім шығармайтынын айтып, уәде берді.

«Жөндеу жүргізілгеннен кейін бәрі өз бөлмелеріне жайғасатыны сөзсіз. Енді біз мұнда ресми түрде тұратындардың бәрі жөндеуден кейін қайта қоныстанатыны туралы хаттар береміз. Бұл проблема шешіледі», - деп түсіндірді қала басшысы.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13