Қазақстан-Финляндия матчы: Астана тұрғындарына көлік кептелісі болатыны ескертілді

Матч 7 қыркүйек күні сағат 20:00-де өтеді

«Астана Арена» стадионында 7 қыркүйек күні ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді. Осыған байланысты астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Бұл туралы Sarbaz.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕУРО-2024 іріктеу турнирі 7 қыркүйек, яғни бейсенбі күні сағат 20:00-де өтеді. Бұл құрама командамыздың ЕУРО-2024 чемпионатына шығу үшін шешуші кездесулердің бірі. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып кетті. Стадион лық толы болады деп күтіліп отыр.

«Ойын «Астана Арена» стадионында өтетіндіктен, Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік нөіпір шамадан тыс көп болуы мүмкін.

Көлік кептелісін болдырмау үшін жүргізушілер жүрер жолын алдын ала жоспарлауы қажет. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп сақталуы керек», - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де Астанада Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасымен ойнайды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13