Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қашан енгізіледі?

ҚР СІМ жауап берді

Қазақстанмен арада визасыз режим жөнінде Қытай жағынан мемлекетішілік рәсімдер әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімнің 11-бабына сәйкес, осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді. Өз кезегінде, Қазақстан жағы мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы Қытайға хабарлама жолдады. Қытай тарапынан тиісті хабарлама әзірге келіп түскен жоқ», - дейді ҚР СІМ.

Осыған дейін хабарланғандай, биыл жазда ҚР Үкіметінің 26 шілдедегі № 612 қаулысына сәйкес, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында екіжақты виза режимі туралы келісім бекітілді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытаймен визасыз режимге қатысты шешім жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін екенін айтты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13