Жол апаты: Түркияда қазақстандық журналист екі жасар қызымен бірге көз жұмды

Күйеуі ауыр жағдайда ауруханада жатыр

Түркияның Аланья қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT Haber басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 қыркүйек күні болды. Екі көліктің соқтығысуынан үш турист көз жұмды. Басылымның мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы сол жерде тіл тартпай кетті, ресейлік турист және 2 жасар отандасымыз ауруханада қайтыс болды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев өзінің Telegram-каналында хабарлағандай, белгілі журналист, «Зейін Атырау» балаларды оңалту орталығының негізін қалаушы Арайлым Бақытжан қаза тапты.

«Ол Антальядағы ірі көлік апатына ұшырады. Онымен бірге оның кішкентай қызы да қайтыс болды. Ал күйеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен келіссөздер жүргізілуде және отандасымызды емдеу үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сондай-ақ марқұмдардың денелерін тасымалдау жұмысы жүргізілуде. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын», - деп жазды Жасұлан Бисембиев.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13