Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Президент Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының кезекті Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылған еді.

Айта кетейік, Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

08.1984 - 10.1984 - совхоз бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы. 09.1992 - 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры. 10.1995 - 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры. 09.2003 - 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары. 02.2005 - 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары. 03.2006 - 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы. 03.2006 - 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы. 11.2006 - 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі. 03.2008 - 04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі. 04.2010 - 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары. 09.2011 - 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 03.2019 - 11.2022 - Бірінші вице-министр, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13