ҚР Қорғаныс министрлігіне Үндістанның делегациясы келді

Олар Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының қызметімен танысты

Қорғаныс министрлігіне Үндістан Ұлттық қорғаныс колледжінің тыңдаушылар делегациясы келді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери оқу орындарымен және Астана, Алматы қалаларындағы нысандармен танысу сапары Қазақстан мен Үндістан қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Шетелдік қонақтар әскери білім беру мекемелерінің құрылымымен және қызметімен, Десанттық-шабуылдау әскерлері қызметінің ерекшелігімен, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының қызметімен танысты.

Үндістан делегациясының мүшелері Ұлттық қорғаныс университетінде, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде болды.

Үнді тыңдаушылары Бітімгерлік операциялар орталығының «Бітімгер» оқу орталығында бітімгерлерді даярлау үшін жасалған жағдайларды зерделеді, сондай-ақ «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ның өндірістік қуатымен танысты.

Үндістан тарапы үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығы, Стратегиялық даму, Әскери білім және ғылым департаменттері басшылығы брифинг ұйымдастырды.

Сонымен қатар меймандар үшін ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа және Астана мен Алматының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13