Нәзік жандылар алғашқы парашютпен секірулерін орындады

Қарулы Күштердің Жетісу гарнизонындағы десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Олардың ішінде алғашқы секірісті орындағын сегіз қыз бар.

Админ

Қыздардың бәрі 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасында бір жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Парашютпен секіру жауынгерлік дайындық элементтерінің бірі болып саналатындықтан, олар үшін секіру қиындық тудырмады.

– Жауынгер қыздар екі ай бойы секіруге дайындалды. Д-6 4 сериялы парашют жүйесінің барлық тактикалық-техникалық сипаттамалары мен құрамдас бөліктерін, дұрыс оралуын мұқият үйренді, - дейді бригада командирінің әуе-десанттық дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Сыдықов.

Бригада командирі полковник Алмас Төлегенов алғашқы секіруді орындаған десантшы қыздарды құттықтап, гүл шоқтарын және алғыс хаттарды табыстады.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13