Көңілдерге қуаныш сыйлаған «Екі жұлдыз» кеші

31767 әскери бөлімде барлық санаттағы әскери қызметшілердің арасында «Екі жұлдыз» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – күнделікті әскери өмірден бір сәт серпіліп, қоғамдық-мәдени уақытты тиімді өткізу. 

Админ

         «Екі жұлдыз» ән байқауына 4 жұп қатысты. Сайысқа қатысушылар байқаудың шарты бойынша сайыстың бірінші турында әскери-патриоттық әндерді сахналаса, сайыстың екінші турында еркін тақырыпта әндерді  орындап доданың көркін қыздырды. Сайыс барысында жиналған көрермендер әуесқой әншілердің әнін тыңдап қана қоймай, сонымен қатар ән айту барысында қойылымдарды да тамашалады. Әуезді әндер шырқалған кеште командалық пункттің атынан шыққан ефрейтор Руслан Жамелов мен Ұланай Сламқан жұбы «Отан-Ана» мен «Уақыт» әндерін орындап, І орынды иеленді. ІІ орынды «Елім менің» және «Сезім үшін» әндерін айтқан байланыс торабының әскери қызметшілері қатардағы жауынгер Қуаныш Мұратов және  қатардағы жауынгер Махаббат Қабдулла алды. Бөлім басқармасының атынан «Қазақтай ел қайда?», «Бағым сен» әндерімен сахнаның сәнін келтірген ефрейтор Мөлдір Салихова мен азаматтық қызметші Ахат Асенов жүлделі ІІІ орын қатарынан көрінді. Ал күзет взводының намысын қорғау үшін келген мерзімді қызметтегі сарбаздар «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды. Кеш соңында барлық жұпқа бағалы сыйлықтар мен грамаоталар табысталды

           «Ән айтып, жұлдыздай жарқыра!» деген ұранмен өткен «Екі жұлдыз» ән кеші көрермендерге қуаныш сыйлап, жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыруға ұсыныс айтылды.

 

Азаматтық персонал  Н.МҰҚАЖАНОВА

31767 әскери бөлімі

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13