Ерлікке тағзым етті

15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан елінен шығарылған күніне 36 жыл толуына орай, Приозерск гарнизонындағы әскери қызметшілердің қатысуымен Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті.

Админ

Көпшілік алдында сөз сөйлеген Ауған соғысының ардагері Талғат Төлегенұлы Азнабаев соғыста көргендерімен ой бөлісті. Гүл шоқтарын қою рәсіміне «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Шәкен Жарылқасынов, 60601 әскери бөлімінің командирі полковник Өтеген Қыдырғалиев, 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Қуандық Арыстанов, Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Тілек Кенжебеков, сонымен қатар 06708 әскери бөлімінің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін Приозерск қалалық әкімдігінде дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Дөңгелек үстел басында сөз сөйлеген Приозерск гарнизоны бастығының орынбасары-штаб бастығы подполковник Василий Анатольевич Фролов Ауған соғысының ардагерлерін жеке құрамның атынан құттықтап, олардың алдағы өмірлеріне зор табыстар тіледі. Іс-шаралар соңынан барлық қатысушылар Ауған соғысының ардагерлерін ортаға алып, естелік фотосуретке түсті.     

Думан Жұмашұлы

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13