Әскери қызметшілермен кездесу

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Абай гарнизонында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновпен кездесу болды.

Админ

Кездесуде әскери саладағы заңнамалық жаңалықтар талқыланды. Депутат Нұртай Сабильянов заң шығарушы органның әскери қызметтің беделін арттыруға, Отан қорғаушылардың әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға және әскери-патриоттық тәрбиені жандандыруға бағытталған жұмысы туралы әңгімеледі. Ол атап өткендей, әскери қызметшілердің бір «артықшылығы» сол, әрқашан алдыңғы қатарда болу, сол себептен мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілуі тиіс. Нұртай Салихұлы елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға әрі әскери қызметші мәртебесін арттыруға бағытталған заңнамалық процестің егжей-тегжейін ашып түсіндірді. Қойылған сауалдарға да жауап берді.

   Кездесуге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов, Абай облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров және бір топ әскери қызметші қатысты.  

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13