Бірінші рет жарылыс жұмыстарын игерді

«Шығыс» түраралық оқу-жаттығуы полигонында инженерлік-саперлік полктің әскери қызметшілері жарылыс жұмыстарының алгоритмдерін тәжірибеде алғаш рет пысықтады.

Админ

   Ең алдымен тәжірибелі нұсқаушылар мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қауіпсіздік ережелері мен оларды өткізудің ерекшеліктерін түсіндірді. Жарылыс жұмыстары отпен және электрлік тәсілмен жүргізілді. Инженерлік-саперлік батальон командирі майор Қуатбек Мәулетқажиннің айтуынша, тәжірибелік бөлімнің алдында әрбір сапер жауынгерлік жарылғыш заттардың жіктелуін, дайындау тәсілдері мен олардың құрамдас бөліктерін пән бойынша зерделеді. Жақсы теориялық дайындық – қойылған міндеттерді сәтті орындаудың кепілі.

   «Мен екі айдан астам уақыт қызмет етіп келемін. Бүгін жарылыс жұмыстарын жүргізудегі алғаш рет тәжірибеден өттім. Мұқиятты дайындалғанның нәтижесінде бәрі жақсы өтті. Командирлеріміздің нұсқауларын орындаудың іс жүзінде өте маңызды екеніне көзім жетті», - деді практикалық сабақтар жайында өз әсерімен бөліскен 54770 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Жасұлан Нүсіпжан.

   Жауынгерлік сабақ одан әрі жалғасуда. Алдағы уақытта сарбаздар бөлімшелердің құрамында түрлі инженерлік оқ-дәрілерді орнату,  конструкциялардың элементтерін жою немесе бұзу үшін есептоптар жасау ережелерін игеретін болады.

 

                                                                                      Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13