Жеңіс үшін алғыс айтты

Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент әскерилері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Романович Шевцовты 99 жасқа толуымен құттықтап барды.   

Админ

   Иван Шевцов – Алтай өлкесіндегі Антоновка селосының тумасы. Қызыл әскер қатарына шақырылған ол Польша мен Чехословакияны азат етуге қатысқан. Майдан даласындағы ерліктері үшін «II дәрежелі Отан соғысы» және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары «Қазэлектромонтаж» кәсіпорнында учаске бастығы болып еңбек етті.

   Абай облысы департамент бастығының орынбасары – Абай облысы қорғаныс істері департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары басқармасының бастығы подполковник Қанат Шәріпханов қарт жауынгерді 99 жасқа толуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен де құттықтады. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Отанды қорғауға қосқан үлесі мен жауынгерлік ерлігі үшін зор алғысын жеткізді. Әскери оркестрдің орындауындағы соғыс жылдарындағы әуендер ардагердің көңілін марқайтып тастады.

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13