Курсанттардың білімі таразыланды

Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының бірінші курс курсанттары қысқы сессияны сәтті аяқтауда. Бұл – болашақ офицерлер үшін ең жауапты кезең. Бірінші курс курсанттары емтихан тапсырып қана қоймай, әскери техника мен қару-жарақты меңгеру дағдыларын да көрсетуі керек.

Админ

 – Әскери пәндерден емтихандар мен сынақтар тапсыру – алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы. Қысқы сессияның нәтижесі бойынша курсанттардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалауға болады, - деп түсіндірді батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Мұратбек Құлшаев.

Бірінші курс студенті Қуаныш Слямгалиев атап өткендей, сессия ұжымды біріктіре түседі. Жігіттердің бірі физика немесе математиканы жақсы біледі, енді бірінің тактика мен тарихтан хабары бар. Әрқайсысы әскери ғылымның әліппесін игеруде өз білгендерін бөліседі.

– Достарым емтиханға қалай жақсы дайындалу керегін, сондай-ақ не оқу керегі мен ақпаратты қайдан табуға болатынын айтады. Бірақ, ең үздік көмекші – бұл өз білімің мен тамаша дене дайындығы, - деп атап өтті Қуаныш Слямгалиев.
Жоғары білім мен офицерлік погон жолындағы алғашқы сынақ болып табылатын бұл сессия курсанттардан өте жақсы дайындықты талап ететінін айта кету керек. Қысқы сессияны тапсырғаннан кейін курсанттар 15 күн демалыс алып, үйлеріне қайтады. Олардың ары-бері жол сапары тегін.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13