Қарулы күштер мен жергілікті атқарушы органдар өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады

Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының башылығымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өтті. Оның барысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қадағалады.

Админ

Бұрын мұндай жаттығулар шектеулі құрамда өткізілетін. Биыл Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың басшылығымен өткен жұмылдыру жаттығуына алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды.

Оқу-жаттығу барысында Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары әкімдіктерінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс басқармаларының бастықтары өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, проблемалық мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеді.

Оқу-жаттығуда әскерлерді жоғары жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру, жұмылдыру ресурстары мен техниканы жеткізу мәселелері бойынша жергілікті әкімдіктердің өзара іс-қимыл тетіктері пысықталды.

 – Әкімдіктердің қатысуы бізге өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армия мен жергілікті атқарушы органдардың ресурстарын интеграциялау алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берді. Барлығы бірдей үйлесімді әрекет ету үшін жасалуда, – деп бөлісті Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев.

Командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Оған барлық деңгейдегі билік өкілдерінің қатысуы ықтимал қауіптерге тиімді әрекет ету үшін әскери және азаматтық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды едәуір нығайтты.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13