Мерекелік қуаныш сыйлады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің бірқатар көп балалы әскери қызметшілердің балғын шақтағы балалары мерекелік қуанышқа бөленді. 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Дамир Шарипов көп балалы отбасылардың үйлерінде болып, алдынан жүгіріп шыққан ұл-қыздарына Жаңажылдық сыйлықтарды өз қолымен табыс етті.

Админ

Алдымен, бөлім командирі подполковник Д.А. Шарипов әскери бөлімнен тысқары, Приозерск қаласының тұрғындары қатарынан тұрмыс-тіршіліктері төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жөн санады. Мұқтаж жандардың отбасыларында болған әскери лауазымды тұлға күнделікті тұрмыстық тіршіліктерін көзбен көріп, отбасыда тұрып жатқан тұрғындардан қандай шешуді қажет ететін мәселелері бар екенін сұрап білді. Отбасы мүшелеріне өзімен бірге ала келген азық-түліктерді үлестіріп, Жаңа жылда жаңа табыстарға жетуіне тіледі. 

 Бөлім командирі подполковник Дамир Алтайұлы өз кезегінде: «Біз әскери адам болған соң, ешкімді бөле жармау керекпіз. Нағыз Отан қорғаушы ретінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін мұқтаж жандарға қол ұшын созып, көмек беруден жалықпағанымыз абзал» - деп ой түйді. Жаңа жыл қарсаңындағы осы бір игілікті іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Тілек Кенжебеков 06708 әскери бөлімі командирінің қасынан табыла білді.                                      

 

Думан Жұмашұлы

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13