Жауынгерлердің кезекті жаттығуы

Приозерск гарнизонында орналасқан әуе қорғанысы күштерінің 44841 әскери бөлімінің жеке құрамы кезекті жауынгерлік жоспарға сәйкес  атыс дайындығын тапсырды.

Админ

Алдымен, сабақ жетекшілері жеке құрамды оқ атудағы барлық пәрмендi бiлуі, атысты дер кезінде орындауы және атыс кезiндегi өздеріне бекітілген атыс қаруының қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды.
    
Қауіпсіздік ережелерінен кейін жеке құрам автоматтан оқ атуды орындады. 
   Жеке құрам нысананы көздеп, атыс жаттығуларын пысықтады. Жаттығу барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтағы өздерінің біліктіліктерін анық байқатты.
   Жеке құрам арасынан нысанаға дәл тигізуден жоғары ұпай жинап, үздіктер қатарынан көрінгендер де бар.
    Олар жас сарбаз Өтеген Ерсұлтан 79 ұпай және Есенгелді Мұқасан 86 ұпай жинап
, жеке құрам алдында  өз шеберліктерімен көзге түсті.
    Жауынгерлік оқ ату жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату даярлығын шыңдайды.
    Жеке құрамның атыс дайындығы сабағын 44841 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары подполковник Ван Михаил Сергеевич  өзі бақылады.
    Шеберлік мектебі атыс даласында шыңдалады. Әскери ортадағы әрбір сарбаз
дың жауынгерлік даярлықтағы көрсетіп жүрген жетістіктері күннен күнге артып келеді.
   Олардың атыс дайындығындағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері жаттығулардың нәтижелері деп білеміз.
Жеке құрам осымен тоқтап қалмай, жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта беретініне сенімдімін,
- деді әскери қызметшілердің атыс дайындығы сабағындағы көрсеткіштеріне жоғары баға берген 44841 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік дайындық бойынша орынбасары.

Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13