Алғаш рет ұзақ қашықтыққа шықты

Абай гарнизоны 44736 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері арнайы-жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес бірінші рет ұзақ қашықтыққа шығып, берілген тапсырмаларды орындады.  

Админ

Мерзімді қызметтегі 39 әскери қызметші жауынгерлік әзірлікке келтіріліп, барлау жасағының құрамында жауынгерлік тәртіппен белгіленген ауданға жеткізілді. Әскери бөлімнің аумағынан ұзақ қашықтыққа алғаш рет шыққан сарбаздарға тапсырма түсіндірілді. Қозғалыс бағытына қарай белгіленген объектіні құпия іздеу және оның координаттарын анықтап, мәліметтерді радио арқылы беру жүктелді. Тапсырма берілген сәттен бастап координаттар туралы баяндалғанға дейінгі уақыт шектеулі екені және бағдарлауды жоғалтқан немесе бағытынан ауытқыған жағдайда нормативтер орындалмаған деп есептелетіні де жеткізілді. Рота және топ командирлері картада жұмыс жасады.

   Далалық жағдайдағы тапсырма бірдей болғанымен, ол түрлі бағыттардағы аудандарда жүзеге асты. Жас жауынгерлер 25 шақырым жаяу жүріп, берілген тапсырманы ойдағыдай орындады.

   Ұзақ қашықтықтағы қозғалыс мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығын ширатуға зор мүмкіндік бергенін айта кету керек. Олар алдағы уақытта арнайы-жауынгерлік дайындықтың жоспарына сәйкес түнгі траверстерге де қатысатын болады.

 

Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13