Отан алдындағы борыш

Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінде 40-қа жуық жас сарбаз Отан алдында адал болуға ант берді.

Админ

Сайдың серке тасындай қаз-қатар тізілген жас сарбаздар Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал атқару үшін жиналғандар алдында ант берді. 
Әскери ант қабылдаған сарбаздарды Қарағанды облысының Приозерск қаласы әкімі Ахметов  Мансур және ҚР ҚК ардагері, ҚР құрметті азаматы Тілек Алшымбеков құттықтады. 
– Сіздер бүгін нағыз Отан қорғаушы атанып, елін
, жерін көздің қарашығындай сақтауға ант бердіңіздер. Алда әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, жігіттік мектептен өтесіздер. Бір жыл әскери борыштарыңыз абыройлы өтсін, - деді ардагер Тілек Алшымбеков.
Аталмыш ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар түрлі әскери мамандықтарды меңгеретін болады. Жауынгерілк оқу-жаттығулар барысында шынығып, шымыр болып туған үйлеріне оралады.
– Мен, бүгін Отан алдында және оның заңды сайланған Президенті алдында адал болуға ант бердім. Бір жыл бойы әскери мектептің тәжірибесін әлі талай үйреніп, тәлімін алатын боламыз. Сондықтан өзіме және қарулас достарыма да ел қорғау жолында тек сәттілік тілеймін,
- деді қатардағы жауынгер Серік Тұрар.

Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13