Мемлекеттік-құқықтық дайындық

Қарулы Күштерде қашанда жаңа оқу жылының мемлекеттік-құқықтық дайындығынан бастау алатындығы баршамызға мәлім.

Админ

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы қорғаныс істері басқармасының жеке құрамымен 2024-2025 жылғы жаңа оқу кезеңінің бірінші тақырыбы әдеттегідей, мекеме бастығы подполковник Ж.Раисовтың жетекшілігімен «Біртұтас ел – біртұтас жер» қағидатын түсіндіру бойынша  ұйымдастырылды.

Жеке құрамның санасында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Отанды қорғау конституциялық және әскери борышына адалдық, «Біртұтас ел – біртұтас жер» қағидатының негізгі құндылықтары жағдайында мемлекетте жүргізіліп жатқан саясатты дұрыс түсіндіру мақсатында жүргізілген дәріс тартымды өтті.
         Мемлекетіміздің тұтастығын сақтауда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері кез келген сынаққа сақадай сай болуы мен армияның егеменді еліміздің сенімді қалқаны екендігі қадалып айтылды.

           Дәрістің барысында жетекші тыңдаушылардан қойылған түрлі сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Сабақ соңына қарай мекеме басшысы 2024-2025 оқу жылына қойылған тапсырмаларға тоқталып, жеке құрамды жігерілік танытуға шақырды.

 

Марат ТУРАБАЕВ,

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы қорғаныс істері басқармасы

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13