Талаптарды сақтау бойынша сабақ

Жетісу гарнизонына қарасты 54380 әскери бөлімінде әскери қызметшілерімен қысқы оқу кезеңі басталар алдында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кешенді нұсқау-әдістемелік сабақтар өтті.

Админ

Әскери қызметшілерді жауынгерлік даярлық бағдарламасының іс-шараларын және күнделікті қызметті орындау барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау қағидаларымен таныстырды. 

Әскери бөлімнің аумағында әскери техникалар паркі аймағында, казармалық үй-жайларда, спорт және қарауыл қалашықтарында, тактикалық алаңда және әскери қызмет атқаратын басқа да орындарда көрнекі құралдармен оқу орындары ұйымдастырылды. 

Сабақ жетекшілері қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс барысында қауіпсіздік шараларын сақтау, жеке құрам қарауыл қызметін атқару кезіндегі жалпы талаптар, атыс қаруымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқамалар өткізді. Сондай-ақ, өрт және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау, түрлі жарақаттар алған кезде алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық өткізілді.

– Қауіпсіздік талаптары бойынша сабақтар Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жоспарына сәйкес жеке құрамның 100% тарта отырып, желтоқсанда басталатын қысқы оқу кезеңі қарсаңында өтіп жатыр, - дейді 54380 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Нұрлан Қажуат.

Тәжірибе көрсеткендей, сапалы дайындалған және өткізілген осындай іс-шаралар жауынгерлерде қауіпсіздік шаралары туралы тұрақты білім қалыптастыруға, жеке құрамның жарақаттануының алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13