Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС өндірістік алаңдарында болды

Отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жандандыру шеңберінде "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС қабырғасында Ұлттық қорғаныс университеті әскери қызметшілерінің қорғаныс кәсіпорны басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.

Админ

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовты қабылдаған Президент - ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосы басшысының алдына елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Қорғаныс министрі бұл жұмыста Ұлттық қорғаныс университетінің бағыттарын, орны мен рөлін егжей-тегжейлі анықтады.

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС басшылығымен жұмыс кездесуін өткізіп, өндіріс циклімен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты. Кездесуге университет бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков, институттар мен басқармалардың бастықтары, әскери ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері, Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов, департамент директорлары және жетекші менеджерлер қатысты.

Тараптар ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық зерттеулердің бағыттарын талқылады. Тараптардың келісімін және бірлескен күш-жігердің жол картасын нақтылау туралы шешім қабылданды. Басқа қорғаныс кәсіпорындарымен де осындай жұмыс жоспарлануда.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13