Оқу-әдістемелік жиын

Абай өңірлік гарнизонында орта білім беретін мектептердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Админ

Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің әдістемелік дағдыларын жетілдіріп, білімін арттыруды, озық тәжірибемен алмасып, сабақ өткізуде бірыңғай әдісті дамыту әрі өскелең ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың әдістері мен негізгі формаларын жеткізуді мақсат тұтқан жиынды «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Дархан Әжібаев ашты. Саптық байқаудан басталған басқосуда әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбы талқыланды. Мемлекеттік-құқықтық даярлық, дене әзірлігі, от дайындығы бойынша да дәрістер болды. Ол «Әскери-патриоттық тәрбиені дамытудың тұжырымдамасы. Туындаған мәселелер және оны шешудің жолдары», «Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және белсенді азаматтық позиция. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге жастарды әзірлеу», «Срочник 2.0» ақпараттық жүйесіндегі мерзімді әскери қызметшілердің көрсеткіш нәтижелеріне қарай білім алу жеңілдіктерінің конкурстық іріктеу ережесі», «Қару алып және қарусыз саптық дайындық бойынша дәріс өткізудің әдістемесі», «Армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша дәріс өткізудің әдістемесі», «От дайындығы бойынша дәріс өткізудің әдістемесі. Автоматтан атудың негіздері» тақырыбында болды.  

   Жиын соңында өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі, еңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы және еліміздің Отан қорғаушыларын тәрбиелеудегі жетістіктері үшін алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары Төлеш Жарқымбаев, Бейбіт Сәрсеков, Сәбит Жоломбетов пен Екпін Шүршітбай Абай облысы білім басқармасының мақтау грамотасын алды.

 


Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13