Елорда тұрғындарына мерекелік концерт тарту етілді

Тұтас бір халықтың тарихы бір концертке сыйған. Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы Республика күнін мерекелеуге дайындаған бағдарламаны осылай сипаттауға болады.

Админ

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері отбасыларымен, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты. 

Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның сахнасында өнер көрсеткен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы Ұлы даланың даңқты батырлары мен қазіргі жауынгерлердің қаһармандығын бейнелеп, көрермендер үшін көне тарих пен қазіргі заман үйлесімді тоғысқан атмосфераны қалыптастырды.  

Эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен «Батырлар ізімен» би тобы көрермен қошеметіне бөленді.

Әншілер Дәурен Төлеубаев, Сәкен Әлімханов, Нұрсәт Алмас, Хамит Отарбаев және ерлер хорының орындауындағы «Қазақстан – байтақ елім» әні сахнаны сәнге бөледі.

«Жас сарбаз» балалар студиясының «Жайна туған жерім» әнімен орындаған қойылымы да ешкімді бей-жай қалдырмады.

Мақпал Омарова мен Санжай Әлмішев жоңғар шапқыншылығынан аман қалған қазақ халқының тарихи беттерінен хабар беретін «Елім-ай» әнін орындады.

Концерт бағдарламасында басқа да хореографиялық композицияларға, аспаптық және ән шығармаларға орын берілді.

Мерекелік іс-шара Отанның даңқты қорғаушыларды тәрбиелеген туған жердің тауларын, өзендері мен көлдерін дәріптейтін «Егемен Қазақстан» патриоттық әнімен аяқталды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13