"Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы

"Мызғымас бауырластық-2024" оқу-жаттығуы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің "Жағалау" оқу-жаттығу полигонында аяқталды.

Админ

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің іс-қимылын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадықов және ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков бақылады.

– Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық ету шеңберінде біздің еліміздің басымдықтарының бірі ретінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күш-құралдарының жоғары әзірлікте болу қажеттігін атап өтті. Бітімгерлік әлеуетті дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр, – деді Қорғаныс министрі өз сөзінде.

Ұжымдық бітімгерлік күштер берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің бітімгерлік операциясына дайындығы және оны өткізу мәселелері пысықталды.

Оқу-жаттығу барысында ведомствоаралық және халықаралық өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін қорғаныс және басқа ведомстволар арасындағы іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылды.

ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуына БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларында тікелей тәжірибесі бар және дайындықтан өткен нұсқаушылар тартылды. ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің бөлімшелері бақылау-өткізу пункттерінде, босқындарды қабылдау пункттерінде бітімгерлік міндеттерді бірлесіп шешті, жергілікті жерді патрульдеуді жүзеге асырды және гуманитарлық көмек көрсетті.

Оқу-жаттығудың салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысушылардың әрқайсысы өзінің далалық дағдылары мен кәсіби машығын арттырғанын, бейбітшілікті сақтау бойынша операция жүргізуде тәжірибе жинағанын, сондай-ақ көпұлтты күштердің іс-қимылдарын үйлестіруге дағдыланғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қазақстанда 1–5 қазан аралығында Қарулы Күштердің "Жағалау" оқу-жаттығу полигонында өткізілді. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан бітімгерлік күштерінің ұлттық контингенттері, ҰҚШҰ Біріккен штабы мен Хатшылығының жедел топтары қатысты. Оқу-жаттығуға барлығы 2000-нан астам әскери қызметші, 500 бірлік бронды танк және автомобиль техникасы, Ми-17, Ми-35 тікұшақтары, Ил-76 және Си-295 ұшақтары, ұшқышсыз басқарылатын авиация тартылды.

 

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13