Тарихи күнді еске алды

Жетісу облысы, Көксу аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерінің Германия елінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай іс-шара өтті.

Админ

Іс-шара барысы Кеңес Одағының Батыры, Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» медалі иегері Мұсабек Сеңгірбаев атындағы саябақта «Отан-Ана» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «елім», «жерім» деп отты жылдардың құрбаны болған отандастарымыздың рухына тағзым етіп, бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды.

     Жиналған қауымға Көксу ауданы әкімі аппараты басшысының уақытша міндеттерін атқарушы Дәурен Молдағали жылы лебізін білдіріп, сөз сөйледі.

     Сонымен қатар, Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерінің ардагерлері Республикалық қоғам бірлестігінің ардагерлері Жетісу облысы бойынша директоры Тілек Байқадамов та өзінің жылы лебізін білдіріп, бірқатар азаматтарды Кеңес әскерлерінің Германия әскерінен шығарылғанына 30 жыл атты төс белгісімен және алғыс хатпен марапаттады.
     Сондай-ақ, Жетісу облысы Қарулы Күштер ардагерлерінің төрағасы бірінші дәрежелі капитан Рахим Қырғабақов және Көксу ауданының Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы Мырзабек Сейітов сөз сөйлеп, тілектерін білдірді.

     Салтанатты шараға Алматы қаласы мен Алматы облысы қоғамдық бірлестіктен арнайы келген Құрманғазы Тастанбек және Бекзат Махатов сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттарын жасады.

     Шара соңы аудан өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13