Мерейді асырған отбасы

Админ

 

44803 әскери бөлімі С-300 зениттік-зымырандық дивизиясы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Рамазан Бақтияровтың отбасы Теміртау қаласында өткен «Мерейлі отбасы» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанды.

Қарағандыдағы Достық үйінде қалалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті. Әскери қызметшінің отбасы Құрмет грамотасымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Майор Рамазан Бақтияров отбасының берік болуының басты сыры – татулық, еңбексүйгіштік, өзара көмек, үлкенге ізет пен туған жерге деген сүйіспеншілік, дұрыс тәрбие деп біледі. Сарбаздың әкесі – шахтер, анасы – жазушы, әпкесі – балалар психологы.

 «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен неке институтының оң имиджін нығайтуға, отбасы мен рухани-адамгершілік нормаларды тәрбиелеуге, ерлі-зайыптылардың және ата-аналардың бала тәрбиесі мен отбасының мәртебесін көтерудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13