«Мектепке жол» акциясы

Админ

Жетісу гарнизонына қарасты 18404 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметімен «Мектепке жол» акциясы өтті.     

Аталмыш бөлімнің басшылығы мен жеке құрам қайырымдылық акциясына белсене қатысты. Олар көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларының  балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетті. Сонымен қатар, қайырымдылық шараға атсалысқандар демеушілік танытудан аянып қалмады. Атап айтсақ, «Форте банк» акционерлік қоғамы көп балалы әскери қызметшілердің он сегіз баласына оқу құралдары мен мектеп сөмкелерін табыс етті. Балаларға қажеттіліктерін тапсыру барысында жаңа оқу жылын жақсы нәтижемен аяқтауларына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.     

– Бөлімде жеке құрамның отбасыларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Қайырымдылық шараларына да әскерилер өз үлесін қосып келеді. Осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп сенемін, - деді 18404 әскери бөлімнің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айсұлу Жумакеева.        

Көмек қолын созған жандарға ата-аналар мен бүлдіршіндер өз алғыстарын білдірді.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13