Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

Админ

Бүгінгі күнде еліміздегі жастарды әскер қатарына шақыру науқанының қызу жүріп жатқаны белгілі. Мерзімдік әскери қызметке күзгі шақырылымның басталып кетуіне орай Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы Т.А.Кенжебеков Қарағанды облысы білім басқармасы Приозерск қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Аталмыш білім ошағының жоғарғы сынып оқушылары еліміздегі әскер жасына дейінгі жастардың қатарына кіретіні анық. Кездесуді мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындығы сыныбының оқытушы педагогы Естай Өмірзақов ашып берді. Алдымен, ардагер аға Тілек Кенжебеков Тәуелсіз Қазақстан елінің айбынды армиясының тарихы мен жүріп өткен жетістіктерін оқушыларға баяндады. Өз сөзінде ол «Биылғы білім беру мекемелеріндегі жаңа оқу жылының басталуымен қатар, еліміздегі жастарды күзгі әскерге шақыру науқанының басталып кеткені белгілі. Осында ертеңгі Отан қорғаушы азаматтарымыз отыр. Біз кең байтақ Қазақстанды мақтан етеміз. Әркез өз Отанымызды сүйетін шынайы патриот болуымыз керек» деген ойын айтты.  

Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13