«Бейбітшілік акциясы» өтті

Айтулы шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен балалары

Админ

Айтулы шараға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен балалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысып, «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

         Шара аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерінің балалары өз жүректерінен шыққан өлең жолдарын арнады. Сондай-ақ, әскери қызметшілердің отбасы Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, Семей полигонындағы ядролық сынақ туралы деректі фильм көрсетілді.

Семей полигоны осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Осылайша Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартқан ел болды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13