Астана полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Қалаға кіре берісте"Рубеж" стационарлық полиция бекеттері жұмыс істейді

Аян Кайырбаев

Астана полициясы ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды Sarbaz.kz елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Көшелерде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды. Нарядтар саны ұлғайтылды, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау күшейтілді.
Қалаға кіре берісте "Рубеж" полициясының стационарлық бекеттері жұмыс істейді, онда құжаттар мен автомобильдердің тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексереді.
"Автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Делегациялардың арнайы колонналарынан өту кезінде елорданың магистральдық көшелеріндегі қозғалыс уақытша шектелетін болады. Сонымен қатар, азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмаған. Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13