Қырымда аза тұту күні жарияланды

Ал Севастопольде төтенше жағдай режимі енгізілді

Админ

Севастополь мен Қырымда Украина қарулы күштерінің зымырандық шабуылынан қаза тапқандар үшін аза тұту күні жарияланды. Ал Одессада жарылыс болды. Ресей әскери күштері қалаға соққы жасады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның атқылауына байланысты Севастопольде төтенше жағдай режимі енгізілді. Мұндай бұйрықты дүйсенбі күні Ресей аннексиялаған Қырым қаласының басшысы, Мәскеу тағайындаған Михаил Развожаев жасады. Оның айтуынша, Украина қарулы күштерінің жексенбі күнгі зымырандық шабуылы нәтижесінде төрт адам қаза тапты, оның екеуі – бала. 151 адам зардап шекті. Оның 82-сі ауруханаға жатқызылды.

Ресей қорғаныс министрлігі Украина бес америкалық ATACMS зымыранын ұшырғанын хабарлады. Олардың төртеуі атып түсірілді, біреуі «әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің әсерінен траекториясынан ауытқып кетті» және демалушылар көп болатын Учкуевка жағажайына құлады.

Ведомство Украина мен Америка Құрама Штаттарының «бейбіт тұрғындарға қасақана зымырандық шабуыл жасағаны үшін жауапты» деп мәлімдеді.

Развожаев дүйсенбі күні Севастопольде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады. Әлеуметтік шаралар тоқтатылды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13