Эстонияда Ресейге тыңшылық жасаған ғалым бірнеше жылға сотталды

Профессорды қаңтар айында Эстонияның қауіпсіздік полициясы тұтқындап, содан бері қамауда отыр

Админ

Эстонияда Тарту университетінің бұрынғы профессоры Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен алты жыл үш айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Таллин соты Ресей азаматын Эстония Республикасына қарсы сыртқы барлау қызметінің мүддесі мен атынан әрекет еткені үшін кінәлі деп тапты. Ғалым елдің ішкі саясаты, қорғаныс саясаты, инфрақұрылымы мен қауіпсіздігі туралы мәліметтер жинаған деген дерек бар.

Профессорды қаңтар айында Эстонияның қауіпсіздік полициясы тұтқындап, содан бері қамауда отыр. Тарту университеті тыңшылық жасады деген айыппен академикпен еңбек қатынастарын тоқтатты.

Ғалым университетте 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қауіпсіздік полициясының мәліметінше, ол ресейлік әскери барлау қызметіне тыңшылық жасаған деген болжам бар.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13