Екі бала ауыр халде жатыр: Атырауда жол апатынан екі адам көз жұмды

Кейбір мәлімет бойынша, балалардың анасы оқиға орнында көз жұмған, әкесі ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлады Sarbaz.kz.

 

Atpress.kz жазуынша, қайғылы оқиға 21 тамызда кешкі уақытта республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 635-шақырымында болған. 

«Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 тамызда сағат 19:30 шамасында Toyota Prada және Lada Granta көліктері соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada Granta көлігінің екі жолаушысы қаза тапты. Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен Toyota Prada көлігінің екі жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Белгілі болғандай, ауруханаға жеткізілген екі жолаушы ата-аналарымен бірге апатқа ұшыраған жасөспірімдер болып шықты. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр деп бағалап отыр.

«Ағалы-қарындасты екі бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олардың біріне кеше ота жасалды, екіншісіне бүгін ота жасалады, екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр», - деді дәрігерлер.

Кейбір мәлімет бойынша, балалардың анасы оқиға орнында көз жұмған, әкесі ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Кеше, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Кеше, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Кеше, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13