Түркістанда полицейлер заңсыз сақталған қару тәркіледі

Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында заңсыз қару сақтау фактілері анықталды

Аян Кайырбаев

Заңсыз сақталған қаруды полицейлер тәркіледі. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы ІІД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап .

Түркістан облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек өңірлерінде заңсыз қару сақтау фактілерін анықтады.

Осылайша, тінту барысында жедел уәкілдер төрт жергілікті тұрғыннан АК-47 автоматы, үш винтовкалы карабин, екі аңшы мылтығы, травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйіздері және басқа да заттай айғақтарды тәркіледі.

Спикер заңсыз қару сақтау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13