Атырау маңындағы Талдыкөл тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды

Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады

Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешімімен, Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Су басу қаупінің күшеюіне байланысты, толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің #1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Сонымен бірге, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында Қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылуда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдыкөлде 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланып, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқан болатын. 

Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылында қалған 250 тұрғын толық эвакуациялануда. Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

17/01/2026 - 13:55
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

17/01/2026 - 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

17/01/2026 - 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18